Тәуелсіздік күніне
«БЭСТ» гимназиясында «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында бастауыш сынып оқушылары арасында «Жаса, жайна, туған жерім!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа гимназия оқушылары белсенді қатысып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Еліміздің тәуелсіздігін жырлап, бүлдіршіндеріміз оны бағалай, қадірлей білуге шақырып, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, 3-сынып оқушылары «Туған елім – Қазақстан» тақырыбында виртуалды суреттер көрмесін өткізді. Жоғары сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік –ел тұғыры!» атты эсселер байқауы өтті. Оқушылар ел тарихына шолу жасап, тәуелсіздікке халқымыздың қалай қол жеткізгенін баяндап, өз шығармаларында ел болашағына өздерінің қосар үлестері туралы жазды. Аталған іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларымызға, қолдау көрсеткен ата-аналар қауымына өз алғысымызды білдіреміз! Еліміздің ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Конкурс выразительного чтения
Просмотров: 426
Комментарии