Кітапхана -дүниеде ештеңе теңдестірілмейтін білім бұлағының көзі.
"Кітап-білім бұлағы" демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шəкірттерді сусындатып,олардың рухани дүниесін молайтып,тағылымы мол тəрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
14-қараша "БЭСТ" гимназиясының 1ə сынып оқушылары Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасына саяхат жасап қайтты. Кітапханақызметкерлері Жолдогарина Асель Кабдрашитовна менАманжолова Назгүл Уалихановна оқушыларды кітапхананың бөлімдерімен таныстырып,қызықты кітаптар əлеміне баулыды. Сергітетін ойындар мен тəрбиелік мəні бар мультфильм оқушылардың көңілінен шықты. Оқушылар ертегіні сахналау арқылы өздерінің шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыта түсті. Іс-шара сынып оқушыларын оқырмандар қатарына қосқаны туралы сертификат табыстаумен өз мəресіне жетті. Оқушыларға сыйлық ретінде қызықты кітаптар тарту етілді.