Меню KDT

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде сөйлеген сөзі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде тәуелсіздігімізді нығайтып,мықты мемлекет құру үшін бізге батыл әрі маңызды реформалар жасау керек екенін ,әйтпесе, өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятыны туралы айтып кетті. «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIIІ Съезінде әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыруды көздейтін партияның алдағы онжылдыққа құралған он басты мақсаты бар. Олар – белсенді әлеуметтік саясатқа көшу, әр адамды болашағына пайдалы қолжетімді біліммен қамту, дені сау адамдардан мықты ұлт қалыптастыру, жаһанға бірдей әл-ауқат мақсаттарында экономиканың өсуі, қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау, азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау. Сондай-ақ, азаматтардың мүддесінде мемлекеттің тиімділігін арттыру, жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамын қалыптастыру, жастарды қолдау мен партияның ұзақ мерзімді саяси жетекшілігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл съезд әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралардың бастауы болатындай. Съезд жұмысынан аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейту,баспанамен қамтамасыз ету, жас жанұялардың баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыру, өңірлерді жан-жақты дамыту, жастарды тұрақты жұмыспен қамтудың тетіктерін қамтитын жаңа бастамалар ұсынылды. «Туған жерге – туың тік» дейді халқымыз. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудегі партияның қолға алған жаңғыру жолындағы жаңа бастамаларын жүзеге асыруға өңір азаматтары атсалысса деймін. Себебі, біріге күш жұмсаған жағдайда алынбайтын қамал болмайды.Елбасымыз әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылар мәселесі басты назарға алды. Көп балалы ата-аналарға жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мәселесі қарастырылды. Биылғы жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыру бастамасы да адам капиталын арттыруға үлкен үлес қосады деп сенемін. Білім саласына қатысты жоспарларға тоқталсақ, білімсіз келешек жоқ. Біз əлемдік бəсекелестікке қадам бастық. Сол бəсекелестікте жеңіске жетудің, басып озудың бірден-бір жолы – білікті, білімді жастар тəрбиелеу. Партия осы сала бойынша да тиісті шараларды жүзеге асыруда. Сондай-ақ Назарбаев үш тілде оқытуға қатысты мәлімдеме жасады. Елбасымыз бүгінгі жиында мектепте үш тілде оқытуды енгізу барысында жан-жақты ойластырып барып, қолға алу қажеттігін мәлімдеді. Елбасы өскелең ұрпақтың қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алуы заман талабы екенін айтты. Бірақ Білім министрлігі дереу енгіземіз деп мұғалімдерді ағылшын тілінен 3 айлық курсқа жіберіп, сол жерде алған шала біліміммен бала оқытуға жол бергенін сынға алды.Бұл дұрыс айтылған сөз деп ойлаймын.Себебі жақсы маман болу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар ғана өз пәнін жақсы бере алады деген сенімдемін.

Съезде 2030 жылға дейінгі 10 бағыттан тұратын жаңа бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама халықтың əлеуметтік, экономикалық ахуалын көтеруге бағытталған. Бұған қажетті қаржы бөлінеді. Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту елдегі барлық мəселелердің оң шешімін табуға оң əсерін тигізеді.



Просмотров: 493

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор гимназии Арыкпаева Г.А.

Опрос

Статистика

  • За месяц496
  • За неделю85
  • Вчера14
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки