Меню KDT

11 октября в гимназии «БЭСТ» состоялась радиолинейка посвященная Посланию Президента народу Казахстана от 05.10.18г.

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!

   Сегізінші қазан мен он үшінші қазан аралығында  болған жаңалықтармен таныс болыңыздар!    Осы жұманың басты жаңалығы FLEX бағдарламасы.

FLEX бағдарламасы 1992 жылдан бері жүріп келе жатқан АҚШ пен Еуразия елдері арасындағы жастардың тәжірибе алмасу бағдарламасы.

FLEX бағдарламасы Америкада тегін оқуға мүмкіндік береді.

Бейсенбі күні , яғни қазанның он бірі FLEX бағдарламасына көп үміткерлер емтихан тапсырып, бақтарын сынады.

  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 5 қазан күні халқымызға арнаған дәстүрлі Жолдауын арнады. "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Елбасының Жолдауы барша халықты  жігерлендіріп тастады. Жолдауда нақты жүзеге асыру керек негізгі мәселелер мен міндеттер қойылған.  Елбасы  Жолдауын  «БЭСТ» гимназиясының  жоғары сынып оқушылары мен  гимназия ұстаздар қауымы зор шынайы сезіммен  қабылдады.  Бағдарламалық маңызы терең, тұжырымдамасы  анық  бұл Жолдау нәтижелі жұмыстарға бастайтынына  сенімді екенін айтып өтті. . «Білімді ел - мәңгі ел». Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы. Алдағы жылдың «Жастар жылы» аталатындығы  жайлы 11-сынып оқушылары өз ойларын ортаға салды. Бұл бүкіл білім алып жатқан жастардың ортақ қуанышы болатыны жайлы айтты.

 Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Осы орайда, гимназияда нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің апталығы басталды.

  Мазмұнды да әрі тартымды  апталықтың мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, қабілеттерін дамыту.

Сонымен қатар,  8-9 қазанда  8-10 сынып оқушылары арасында неміс, ағылшын, француз  тілдерінен  мектепішілік олимпиада өтті.

Олимпиадаларға  қатысып, жүлделі орын алған оқушыларды  және де FLEX бағдарламасына өткен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!



Просмотров: 463

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор гимназии Арыкпаева Г.А.

Опрос

Статистика

  • За месяц210
  • За неделю73
  • Вчера13
  • Сегодня7
  • Онлайн:0

Полезные ссылки