"Балалар мен театр" жобасы
"Балалар мен театр" жобасын іске асыру аясында халық және авторлық
өнерге деген қызығушылықты тәрбиелеу, оқушылардың оқуға деген
құштарлығын дамыту, ертегілердің авторлары мен ертегілер бойынша салған
суретшілерді танып білу мақсатында гимназияда "Әлем халықтарының
ертегілері" викторинасы өтті. Балалар ертегілер мен авторларды бастапқы
жолдардан болжап, "Ертегі көлігімен" саяхаттады, 4 "А" сынып оқушылары
дайындаған "Үш апалы-сіңлілі" театрландырылған қойылымын тамашалады,
"Жанды жұмбақтар" мен "ертегі ребусын" шешіп, ертегілерге арналған
көптеген иллюстрациялардың авторларын еске алды.
Ертегілер бізге адамгершілік, адалдық, ақыл, кейде тапқырлық бойынша
сабақ береді. Бірақ ертегілер қаншалықты алуан түрлі болса да, оларды
адамның шындыққа, жақсылыққа, әділдікке, еңбекті құрметтеуге деген
ұмтылысы біріктіреді.
Просмотров: 169
Комментарии