Құттықтаймыз
24-25 қарашада Астана қаласының Astana IT University өткен оқушыларға арналған "STEM Олимпиада – Білім берудегі инновациялар" Халықаралық Олимпиадасы аяқталды. Олимпиаданың негізгі мақсаты зияткерлік дарынды оқушылардың зерттеу әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау . Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі, сонымен бірге Ресей мен Өзбекстанның білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысты. Әр команда екі мүшеден тұрды. "БЭСТ" гимназиясынан Шарабарин Михаил (11 сынып) және Карачков Влад ( 10 сынып) бақ сынасты.
Олимпиада өзекті ғылыми пәндер бойынша эксперименттік тапсырмалардан тұрды: "Инженерлік Робототехника", "3D модельдеу", "Бағдарламалау". Сонымен қатар, қатысушыларға "Үй тапсырмасын" орындау қажет болды, қағаз ұшақтарын ұшыру құрылғысын құруды сондай-ақ кез-келген бөлшектер мен механизмдерді қолдана отырып, ауырлықты көтеретін винті бар шағын жүк көлігін жинау қажет болды.
Қатысушыларды жоғары білікті педагогтар, ЖОО өкілдері, сонымен бірге STEM саласындағы сарапшылар құрамындағы құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Біздің команда 250 команда ( 500-ден астам қатысушы) арасында 4-орынға ие болды. Жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз, және де команда жетекшісі Володина Елена Александровнаға алғысымызды білдіреміз.
Просмотров: 183
Комментарии