Құттықтаймың!
Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін тереңдетіп оқуға тарту, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, балалардың тез оқу, логикалық, сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында 2022 жылдың 23 қыркүйегінде мектеп оқушыларының арасында Қазақстандық "Рухани жаңғыру" қоғамдық даму институты басшылық еткен Республикалық балалар оқулары байқауының I қалалық кезеңі өтті. Осы байқауда «БЭСТ» гимназиясының 7-сынып оқушылары Бекмурзаев Тамерлан, Шайхлесова Томирис, Биканов Даниал (жетекшілері Л.Ж.Зейнуллина, Б.Т. Бегалина), 6-сынып оқушысы Илимбаева Айлин (жетекшісі:Таймуллина Б.Т.) белсенділік танытып Алғыс хатқа ие болса, Жандосов Айрат (жетекшісі: Калимова Ә.Ғ.) сертификатпен марапатталды.
Просмотров: 164
Комментарии