Меню KDT

Жаңалықтар

"Тіл-менің тағдырым" конкурсы

2022 жылғы 14 қыркүйекте «БЭСТ» гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері А.Н. Баженова және Ә.Қ.Кәрімованың ұйымдастыруымен            2 сынып оқушылары арасында Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл-менің тағдырым» атты мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстауға дағдыландыру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Қатысқан оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз!
 
 
 
 
Оқуға шақыру
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
 
Жазушының қанағаты
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі, теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.
 
 
Жиған-терген

Оюын ойып, 

Орындап қойып,

Түр салғандай өрнекке,

Қиыннан қиып,

Қиырдан жиып,

Құрап, сөзді термекке,

Еңбекке егіз тіл мен жақ,

Ерінбесең, сөйлеп бақ!

Именіп көптен,

Сақтық қып еппен,

Тасалама ойыңды!

Ашынса етің,

Ашылмақ бетің,

Тірі көмбей бойыңды,

Жүрегіңнің жарасын

Көрсет жұртқа!

Қарасын.

 
 
Туысыма

Болармын нағып ырза туысыма? 

Туыппын таршылықтың уысында.

Шамам жоқ жан-жағыма қол сөзарлық,

Тар көрдің тығылғандай қуысына.

Айта алмай шын сөзіңді, қорғалайсың,

Туғаның бүйтіп қор боп құрысын да!

Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса,

Мал ғұрлы мағына жоқ тұрысыңда.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М.Жұмабаев
Қарағым
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме.
Оқымай ойын қуған балаларға.
Жолама, шақырса да қасына ерме!
Кiдiрме, аяңдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме.
"Қарманған қарап қалмас!" - деген рас сөз,
Тоқтамай iсте болсаң батып терге.
Жасынан оқу оқып, өнер қуған.
Жан жетпес көңiлi жүйрiк кемеңгерге.
Бiлiмсiз, құр қалтақтап жүргенменен,
Ерте өлген,көмiлулi қара жерге.
 
 
 
Жер жүзiне ер атағым жайылған,
Жан емеспiн оттан, судан тайынған.
Қайраты мол қандыбалақ қыранмын,
Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған.

Еркiн ырғып шыққам асқар Алтайға,
Қырда тұрып садақ тартқам Қытайға.
Талай тайғақ, тар кешуде таймаған
Батыр жүрек, қайрат ендi алдай ма?!

Талмай, қайтпай қамал бұзған кемеңгер,
Арыстанға қарсы ұмтылған мендей ер.
Бiр барқылдақ жалпылдаған төбеттен
Қорқар болсам, жұтсын менi қара жер!
Жазғы таң
Жып-жылы түн маужырап,
Көтерілген жерден бу.
Саф күмістей жалтырап
Тыныш жатқан тұнық су.
Көкке тиген биік тау
Құшақтасқан тұманмен,
Қосылысып есен-сау,
Бал алысқан құмармен.
Ақырын ескен жылы жел
Маужыратып, тербетіп,
Таң атсын деп жайнап гүл -
Өсіп балам ер жетіп.
Шырылдап торғай аспанда,
Бытпылдығы ән қосып,
Шала-жансар жатқанда
Табиғатқа жан қосып,-
Таң алдында жалбарып,
Тәңіріге құлдық қылғаны,
Ісіне оның таңданып,
Көңілі хаққа сынғаны.
Міне, алтын таң атты
Күншығыстан ағарып.
Көтеріп зұлмат қанатты,
Жер де кетті жаңарып.
Таң, Күн деген - жер жаны,
Бұл екеуінсіз жоқ сәні.
Оқу-білім - ер жаны,
Жараспас ерге құр жаны.
 
 
 
 
 


Просмотров: 222

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Гимназия директоры Г.А.Арықпаева

Опрос

Статистика

  • Осы айда398
  • Осы аптада107
  • Кеше46
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки